Еліміз электр қуатын ең тұтынатын елдер қатарына қосылды. 2022 жылы жан басына шаққанда 44,7 мың кВт∙сағ энергия тұтынған, деп хабарлайды Алатау телеарнасы.
Спутниктің жазуынша, бұл әлемдегі ең жоғары көрсеткіштердің бірі. Салыстыру үшін айтсақ, дүниежүзілік орташа көрсеткіш жан басына шаққанда 21 мың кВт∙сағ, Еуропа елдерінде — 38,2 мың кВт∙сағ, Азия елдерінде — 19,1 мың кВт∙сағ.
ТМД және Орталық Азия елдері арасында энергия тұтыну деңгейі Қазақстанмен салыстырғанда Түрікменстанда (жан басына шаққанда 71,4 мың кВт∙сағ) және Ресейде (55,5 мың кВт∙сағ) жоғары, Беларусьте (31,1 мың кВт∙сағ) айтарлықтай төмен. Әзербайжанда (18,7 мың кВт∙сағ), Өзбекстанда (16,9 мың кВт∙сағ) және Украинада (16,3 мың кВт∙сағ).
2021 жылғы дерекке қарағанда, Грузия жан басына 20,8 мың кВт∙сағ, Армения 17,7 мың кВт∙сағ, Молдова 16 мың кВт∙сағ, Қырғызстан 9,3 мың кВт∙сағ және Тәжікстан 7,7 мың кВт∙сағ тұтынған.
Дей тұрғанымен Қазақстан – электр қуатының бағасы жағынан ең арзан елдердің біріне кіреді. Биыл республикада 1 кВт∙сағ электр энергиясының құны 0,05 АҚШ доллары, яғни 23 теңге шамасында болды. Бұл электр энергиясына орташа сату тарифі. Халық үшін құны одан да төмен: 1 кВт∙сағ үшін шамамен 17-18 теңге, яғни 0,04 АҚШ долларынан аз.
Әлемдегі электр энергиясы ең қымбат елдер Дания (0,53 АҚШ доллары), Германия (0,52 АҚШ доллары) және Ұлыбритания (0,47 АҚШ доллары), бұл Қазақстанға қарағанда тиісінше 11, 10 және 9 есе жоғары.