Алматылық "Қайрат" футбол клубы Мадридтік "Реалға" қарсы өз алаңында өткізген ойыны аяқталды. Есеп 0:5, деп хабарлайды Алатау телеарнасы. 

UEFA Чемпиондар лигасы негізгі кезеңінің екінші турында қазақстандық «Қайрат» өз алаңында испаниялық «Реал Мадрид» командасын қабылдады. Алматының Орталық стадионындағы тарихи матч өте тартысты өтті. Алғашқы минуттардан шабуылға шыққан "Қайрат" Хаби Алонсо жаттықтыратын футболшыларға қысым көрсетуге тырысқан. Бірақ ойын көп ұзамай карольдік клуб ығына жығылды.  

Кездесудің 25-минутында «Қайрат» командасының қақпасына пенальти белгіленіп, он бір метрліктен оныншы нөмірдегі Мбаппе гол соқты. Екінші тайм "Қайрат" үшін өте ауыр болды. Мбаппе тағы 2 гол соғып, хет-трик жасады. 

Қонақтар мұнымен тоқтап қалмады. Кезекті шабуылдарының бірін Камавинга голға айналдырды. Франциялық ойыншы 83-минутта кездесудегі төртінші голды өз атына жазды. Ал, Браим Дияс ойынның нүктесін қойды. 

Өкінішке қарай, Орталық стадиондағы 22 788 жанкүйер жиналған ойында алаң иелері 0:5 есебімен қарсылас командаға жол берді.