Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы Палестина мен Израиль арасындағы соғысқа байланысты мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Алатау телеарнасы muftyat.kz -ке сілтеме жасап. 

Онда Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы Ислам дініндегі қасиетті үшінші мекен саналатын Құдыс жерінде болып жатқан қантөгіске қатты алаңдаушылық білдіреді және қаншама жы лдан бері шешимін таппай келе жатқан мәселенің бейбит жолмен, өзара ымыра аясында шешілуін тілейтіні жазылған. 

«Адамзат баласын бірлик пен игілікке шақырған пайғамбарлар ізі қалған қасиетті мекеннің бүгінде соғыс алаңына айналып, мыңдахан бейкүнә жандардың, әсіресе сәбилер мен бейбит тұрғындардың оққа ұшып, қаза табуы баршамыздың жанымызға қатты батуда. Ауыр жарақат алып, үрей құшағында өмір сүріп отырған жандардың тез сауығып кетуін тілейміз. Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы тараптарды бейбіт келісімге келуге және қантөгісті шұғыл тоқтатып, халыққа зарар келтірмеуге үндейді, - делінген ақпаратта. 

Сондай-ақ, Палестина халқының халықаралық келісімдер мен резолюцияларда бекітілген тарихи құқығын қолдайтындығын мәлімдейміз. 

Еліміздегі барша мұсылман қауымын қасиетті мекеннің тыныштығы мен амандығы үшін дұға жасауға шақырамыз. Алла Тағала жер бетін түрлі бүліктер мен соғыстан аман еткей деп қоритындыланған діни басқарма мәлімдемесі.