Қазақстанның 100-ге жуық азаматы шетелде еңбек құлдығына түсіп қалған, деп хабарлайды Алатау телеарнасы.
Сыртқы істер министрлігі дерегіне сүйенсек, жүзге жуық азамат Таиландпен шекаралас аумақтарда еңбек құлдығында қалып қойған. Айбек Смадияровтың айтуынша, тіпті соңғы екі жылда Таиланд, Мьянма мен Лаостың шекаралас аумақтарында Қазақстанның 200-ге жуық азаматы құлдыққа түсіп қалған.
"Елшіліктің жәрдемімен Мьянма мен Лаос аумағында еңбек құлдығынан 28 қазақстандық шығарылды. Алпысқа жуық отандасымыз елшілікке жүгінбей, өз күшімен елге оралған. Қазір жоғарыда аталған елдердің аумағында 100-ге жуық қазақстандық еңбек құлдығында қалып қалған деген ақпарат бар", - деді ресми өкіл.