Алматы облысының полицейлері Ұзынағаш ауылында кәмелетке толмаған қызды пышақтап кеткен күдіктіні анықтап, қолға түсірді. Аталған факті ҚР ҚК-нің 24-бабының 3-бөлігі, 99-бабының 2-бөлігімен аудандық полиция басқармасында тіркелді.
12 қазан күні таңғы сағат 6:00 шамасында Жамбыл аудандық полиция бөліміне Ұзынағаш ауылының 15 жастағы жергілікті тұрғыны пышақ жарақатымен ауруханаға түскен болатын. Ұсталған ер адам уақытша ұстау изоляторына қамалды.
ҒАЛЫМ НАРИМАНҰЛЫ ЖАМБЫЛ АУДАНДЫҚ ПОЛИЦИЯ БӨЛІМІ БАСТЫҒЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ «Жедел іздестіру шарасы барысында тәртіп сақшылары 23 жастағы ер адамды анықтап, ұстады. Қазіргі уақытта деректі тергеудің толыққандығын, жан-жақтылығын және объективтілігін қамтамасыз ету үшін қажетті сараптамалық тексерулер тағайындау мен тергеу амалдары жүргізілуде».
Ал, қазіргі уақытта ауруханада жатқан зәбір көрушінің жағдайы бірқалыпты ауыр.
ТИМУР ҚҰРБАНБАЕВ ЖАМБЫЛ АУДАНЫ ОРТАЛЫҚ АУРУХАНАСЫНЫҢ ХИРУРГИЯ БӨЛІМІНІҢ МЕҢГЕРУШІСІ «Аралас жарақатқа және операцияның ауырлығына байланысты, науқастың жағдайы бірқалыпты ауыр деп бағаланады. Қазір қызды хирургиялық бөлімге ауыстырдық. Сол жерде ары қарай тиісті ем-домын қабылдайды».