"

Биыл мектеп бітіретін түлектер назарына! Нарықта қай мамандықтар сұранысқа ие? Бүгін Үкімет басшысы Әлихан Смайылов елге керек мамандарды атады.

ӘЛИХАН СМАЙЫЛОВ ҚР ПРЕМЬЕР-МИНИСТРІ: «Әкімдіктер жастарды еңбекке тарту ісіне ерекше назар аудару керек. Мысалы, бүгінгі күні энергетика, мұнай-газ индустриясы, ауыл шаруашылығы, тамақ өнеркәсібі, көлік және логистика, IT-саласының мамандары қажет.  Ғылым және Оқу-ағарту министрліктері мемлекеттік білім беру гранттарының тізбесін қалыптастыру кезінде осыны ескеруі тиіс».

Мемлекет алдында биыл жыл соңына дейін бір миллионға жуық адамды жұмысқа орналастыру міндеті тұр. Негізгі басымдық жастарға беріледі. Осы талап аясында алдағы 2,5 ай ішінде әрбір өңір әкімдері жұмыссыз жүрген жастарды жұмысқа орналастыруы тиіс. Сондай-ақ оларға жұмыс беруші тарапынан зейнетақы аударымдары бар келісімшарт жасалуын қатаң қадағалаулары керек.