"

"

Кәсіп түбі - нәсіп. 15 жылдан аса уақыт дәрігер болған ерлі-зайыпты қазір ешкі бағып, шаруашылығын дөңгелетіп отыр. Қожахановтар отбасы асыл тұқымды ешкі сауып, сүтін сатып берекелері артқан. Келесі тақырыпқа назар аударсақ.

«Қойдың сүті - қорғасын, ешкі сүті - ем». Ғұмырының біраз жылын денсаулық сақтау саласына арнаған Қожахановтар отбасы 2019 жылы «Galamilk» ешкі фермасын ашқан. Бұған дейін отағасы Ғалымжан - кардиохирург болса, жұбайы педиатр, фармацевт болып қызмет етіпті. Ал қазір: әуелде 10 ешкімен басталған кәсібіміз оңға басып, малдың саны 150 басқа жетті – деп қуанып отыр.
ЖҰЛДЫЗ ҚОЖАХАНОВА - «GALAMILK» ФЕРМАСЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ
Кәсіпорын - маусымға байланысты айына 10 мың литрге дейін сүт өңдейді. Технолог-дәрігерлермен бірлесіп, айран, йогурт, қаймақ, кілегей, ірімшік сынды 10 түрлі өнім шығарады. Айта кетейік, Заанен тұқымына жататын сүтті ешкілерді бағып, өнімін өңдеумен 10 адам айналысады.
ЕРБОЛ МАУПАСОВ - «GALAMILK» ФЕРМАСЫНЫҢ БАСҚАРУШЫСЫ
Ал сүттің сапасын, дәмін сақтау үшін ешкілерге жоңышқа, өскін бидай сабақтары, жем, жүгері, арпа және сұлы дәрумендермен араластырылып беріледі. Шаруашылық иелерінің сөзінше, әуелде ешкілердің әрқайсысын 350 мың теңгеден сатып алған. Кейін өздері төлдеткен. Жаңа төлдегендер мен ерте туған лақтар сауындылардан бөлек бағылады екен.
ШЫНАРГҮЛ БОРАНБАЕВА — САУЫНШЫ
Кәсіпкерлер алдағы уақытта шаруашылығын кеңейтуді жоспарлап отыр. Ал сауынды ешкілердің санын 500-ге жеткізсек деген ойы бар.