"

"

Полиция ескертеді! Билік өкіліне қол жұмсап, қарсылық көрсеткендер 7 жылға дейін бас бостандығынан айырылады. Биыл полицейлерге жұдырық жұмсаған 19 адам түрмеде отыр. Айталық, жыл басынан бері билік өкіліне қарсы күш қолданудың 146 фактісі тіркеліп, 109 адам түрлі жауапкершілікке тартылған. Бұл туралы әкімшілік полиция комитеті басқарма бастығының орынбасары Азамат Құрымбаев айтты.

АЗАМАТ ҚҰРЫМБАЕВ ҚР ІІМ ӘПК БАСҚАРМА БАСТЫҒЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ: «Ішкі істер органдарының қызметкерлері қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету мақсатында өз өмірлерін қауіпке тігіп, аянбай қызмет етеді. Осыған байланысты полиция қызметкерлерінің заңды талаптарын орындауды, оларға жұмыс барысында кедергі келтірмеуді сұраймыз. Бұндай әрекеттерге жол берген жағдайда қылмыстық және әкімшілік жауапкершілік көзделгенін еске саламыз. Жаза ірі айыппұлдан 7 жыл мерзімге дейін бас бостандығынан айыруды көздейді».