15 қаңтарда Алматыда жер сілкінісі болатыны туралы әлеуметтік желіде тараған хабарлама сәйкес: сарапшылар алматылықтарды мазалаған сұрақтарға жауап берді.Сейсмологтар блогерлер мәлімдемесінің ғылыми негізі жоқ деп отыр. Қазір әлеуметтік желілерде 15 қаңтарда Алматыда болуы мүмкін жойқын жер сілкінісі туралы ақпарат тарап жатыр. Блогерлердің мұндай болжамға қалай келгені белгісіз, өйткені оларда қандай да бір болжам жасауға арнайы техника мен технология жоқ.
"Біздің ғылыми орталықта зерттеу жұмыстары тұрақты түрде жүргізіледі. Жер қыртысына қатысты 200-ге жуық параметрді зерттеп, қорытынды жасаймыз. Болжам комиссиясының қорытындысына сәйкес,10 қаңтар мен 17 қаңтар аралығында Алматы болжау полигонында магнитудасы 5,5 жойқын жер сілкінісі күтілмейді. Біз олардың мәлімдемесін негізсіз деп санаймыз. Хабарламаға назар аударудың қажеті жоқ.Тұрғындардан үрейленбей, сақтық шараларын ұстауды сұраймыз", - деді ТЖМ Сейсмологиялық бақылау және зерттеулер ұлттық ғылыми орталығының орынбасары Нұрсарсен Өзбеков өз сөзінде.