Бүгін депутаттармен облыстық және республикалық маңызы бар автомобиль жолдарында апаттардың жиілеуіне байланысты облыстық мәслихат өтті. Батыс Қазақстан облыстық мәслихатының төрағасы Мұрат Мұқаев ««Қазавтожол» жұмысына жауапсыз!» деп қатаң сынға алды.

Батыс Қазақстан облысында жаңа жылдың 10 күнінде 11 жол-көлік оқиғасы тіркелген. Қаза тапқандар саны – 12. Тәртіп сақшылар бұнық себебі жолдардың дұрыс тазаланбауы дейді. Сондай-ақ «Қазавтожол», тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы мен аудан әкімдіктерінің өкілдеріне жолдардың жай-күйін сақтауды бұзу фактілерін жою бойынша 90 ұйғарым шығарылған.

ОЛЖАС ИБРАИМОВ БҚО ПД ӘКІМШІЛІК ПОЛИЦИЯ БАСҚАРМАСЫ БАСТЫҒЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ

Жиынға ішкі істер органдары, көлік инспекциясы және жолдарды салу, күтіп ұстау және оларға қызмет көрсетумен айналысатын кәсіпорын өкілдері қатысты.

МЕЙІРБОЛАТ ҚҰРМАНҒАЛИЕВ БҚО МӘСЛИХАТЫНЫҢ  ДЕПУТАТЫ

Жоғары билік жол қауіпсіздігін қамтамасыз ететін жауапты ұйымдарға арналған қылмыстық жауапкершілік туралы да ұсыныстарын ортаға тастады.

ДАМИР ТІЛЕУБАЕВ «ҚАЗАВТОЖОЛ» ҰК» АҚ ДИРЕКТОРЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ

Орын алған апаттарға сараптамаларда жүргізілген. Нәтижесінде жол төсемі де, трассаның ені де нормаларға сәйкес келмейтіні анықталды. Оқиғалардың басым бөлігі Орал-Атырау" тас жолының учаскелерінде болған. Қаймағы шыққан мәселе қанша көтерілсе де жағдай сол қалпында тұр.