"

"

Үстіміздегі жылдың басынан бастап 194 мың Қазақстан азаматтары нәпахасын іздеп, шетелге кеткен. Бұл туралы Орталық коммуникациялар орталығында өткен брифингте Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Көші-қон комитетінің төрағасы Асқарбек Ертаев мәлім етті.Мамандар келтірген дерекке сүйенсек, олардың басым көпшілігі  Ресей, Польша, Оңтүстік Корея және Ұлыбританияны таңдаған.

АСҚАРБЕК ЕРТАЕВ ҚР ЕҢБЕК ЖӘНЕ ХАЛЫҚТЫ ӘЛЕУМЕТТІК ҚОРҒАУ МИНИСТРЛІГІНІҢ КӨШІ-ҚОН КОМИТЕТІНІҢ ТӨРАҒАСЫ:
«Олардың шетелге кету себебі – жұмыс істеп, ақша табу. Егер де былтырғы және биылғы статистиканы салыстыратын болсақ, екеуі бір-біріне ұқсас».


Премьер-Министрдің тапсырмасы сәйкес Қазақстан  шетелде жұмыс істейтін өз азаматтарын еңбек және әлеуметтік құқықтарын сақтау мен қорғау  туралы келісімдерге қол қою жоспарлануда.Сондай-ақ азаматтарымыздың Оңтүстік Кореяға қалай баратыны туралы алгоритмді талқылайтын бірінші сауалнаманы толтырдық.»,- деді комитет басшысы.Сапар алдында олар азаматтардың денсаулығын да тексеретін болады. Сонымен қатар, олар өз тарапынан және халықты жұмыспен қамту орталығы тарапынан оның құқықтары, міндеттері көрсетілген еңбек шартына қол қоюға міндетті болады.