"

"

Батыс Қазақстан облысында мектепте оқушыларға берілетін түскі астың құны 575 теңгеге дейін өсті. Бұл бастауыш сынып оқушылары асының бағасы. Облыстық білім басқармасының мәліметінше, 2023 жылы ыстық тамақ ұйымдастыруға 1 млрд 135 млн теңге қарастырылған. Тамақтану құнының қымбаттауы азық-түлік бағасының өсуімен байланысты дейді мамандар. 

БҚО білім басқармасының мәліметінше, бүгінгі таңда өңірде 1-4 сыныптар аралығында 47 887 оқушы ыстық тамақпен қамтылған. Азық-түлік бағасының қымбаттауына байланысты сәуір айында облыстық мәслихат сессиясында азық-түлікке бюджеттен қосымша 978 мың теңге бөлінген еді. Сәуір айында бекітілген баға жаңа оқу жылынан бастап күшіне енбек.

ФАРИЗА ЖҮСІПҚАЛИЕВА БҚО БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ МАМАНЫ:
«Осы 2023 жылдың сәуір айынан бастап бізде тамақтану құны көтерілді. 1-4 сынып оқушылары үшін 575 теңгеге,жекелеген санаттағы оқушылар үшін 638 теңгеге көтерілді».

Орал қаласындағы 25 -ші орта мектепте 1133 оқушы оқиды, оның ішінде 504 оқушы бастауыш сыныптарда білім алуда. Бастауыш сынып оқушылары үшін тамақтану құны 575 теңгеге дейін өсті. Жекелеген санаттағы 5-11 сынып оқушылары түскі асының бағасы 638 теңгені құрайды.Аз қамтылған отбасылардан шыққан 50 бала бар.

АЙГЕРІМ ҒАББАСОВА №25 ЖОББМ ӘЛЕУМЕТТІК ПЕДАГОГІ:
«50 балаға арнайы карта ашылады. Оларға да ыстық тамақ беріледі және терминал арқылы жүргізіледі. Ал қалған 5-11 сынып оқушыларға буфеттік выпечкаларымыз бар.Оларға каспиий арқылы төлем жасауға болады».


Сонымен қатар қосымша  асханадағы дайын тағамдарды  оқушылар ақылы түрде сатып ала алады.