Жаңа махаббат хикаяларымен қоштасулар, жұлдыздардың балалары, 2023 жылы ең танымал актерлер мен музыканттардың жеке өмірінде не болды?
Тейлор Свифт американдық футболшы Трэвис Келсимен кездесе бастады. Ал реалити-шоу жұлдызы Кайли Дженнерді қыркүйек айынан бастап актер Тимоти Шаламенің компаниясында байқайды. Бұл арада Кайлидің қарындасы, модель Кендалл «Грэмми» сыйлығының лауреаты пуэрторикандық рэпер Bad Bunny-мен кездесе бастаған. Актерлер Зои Кравиц пен Ченнинг Татум некелесті. Ал Наоми Уоттс өзінің актер әріптесі Билли Крудаппен некесін растады. Жұлдызды әнші Адель де өзінің серіктесі Рич Полға тұрмысқа шықты деген сыбыс шықты. Бір әңгімесінде ол оны күйеуі деп атады. Әйтсе де, олардың ешқайсысы әзірге ресми түрде расталған жоқ. Ал, 79 жастағы Роберт Де Ниро мен 83 жастағы Аль Пачино екеуі балалы болғандарын жариялаған кезде басылым беттерінің басты жаңалықтары болды. Бұл Де Нироның жетінші баласы. Оны досы Тиффани Чен дүниеге әкелді. Аль Пачино үшін бұл төртінші бала. Оның анасы - 29 жастағы Нұр Алфаллах. Әнші Рианна екінші ұлын дүниеге әкелді. Реалити-шоу жұлдызы Кортни Кардашьян мен оның күйеуі-музыкант Трэвис Баркердің де ұлы дүниеге келді. Жалпы, ерлі-зайыптылар алты баланы тәрбиелеп отыр. 2021 жылы қызды болған 53 жастағы модель Наоми Кэмпбелл әлеуметтік желіде дүниеге ұл әкелгенін хабарлаған. Актриса Линдси Лохан мен оның күйеуі қаржыгер Бадер Шаммастың биыл тұңғышы өмірге келді. Ұлдың есімі Луай. Ал енді ажырасулар мен айырылысулар туралы.
Актриса Джада Пинкетт Смит күйеуі Уилл Смитпен жеті жыл бұрын ажырасқанын жайып салды. Олар 1997 жылы бас қосқан. Бір жыл некеден кейін эстрада жұлдызы Бритни Спирс жас күйеуі Сэм Асгаримен ажырасқанын жариялады. Сондай-ақ 27 жыл некеден кейін австралиялық актер Хью Джекман мен оның әйелі Деборра-Ли Фернесстердің де жолы екіге айырылған. Жұп 1996 жылы некеге тұрып, екі баланы асырап алған. Мерил Стрип 1978 жылы тұрмысқа шыққан күйеуі Дон Гаммермен ажырасқан. Әнші Ариана Гранде екі жылдан кейін жылжымайтын мүлік агенті Далтон Гомеспен ажырасуға өтініш беріпті. Ал Оскар иегері Риз Уизерспун күйеуі Джими Тотпен ажырасқан. Сондай-ақ 18 жылдық некеден кейін Кевин Костнер мен оның әйелі Кристин Баумгартнер қарым-қатынасты үзген.
Олардың үш баласы бар. Ақырында, медиа магнат Руперт Мёрдок бір айдан кейін 66 жастағы Анн Лесли Смитпен некесін бұзды. 92 жастағы миллиардердің төрт некесі болған.