25 жылға сотталған Перудың бұрынғы президенті Альберто Фухимори еліне оралды. Оған 2017 жылы сол кезде мемлекет басшысы болған Педро Пабло Кучинский рақымшылық жасаған болатын.
Алайда бұрынғы президент он айдан аз уақыт бойы бостандықта болды. Сот рақымшылықтың күшін жойып, экс-президент түрмеге қайта оралды. 2022 жылдың наурыз айында Перудың Конституциялық соты денсаулығына ауыр дерттен зардап шеккен елдің бұрынғы басшысын босату туралы шешім қабылдады. Бұл шешімге бірнеше рет шағым жасалғанымен, бірақ осы аптада сот рақымшылық туралы шешімді күшінде қалдырды.
Фухимори жапон мигранттарының отбасынан шыққан. Ол 1990 жылдан 2000 жылға дейін Перу президенті қызметін атқарды. 2009 жылы ол 25 адамды өлтірген «өлім жасақтарын» құрды деп сотталған болатын.
90-жылдардың басында Фухимори елдегі коммунистік радикалды қозғалыстарға қатаң қарсылық көрсетті. Бұл маошылдық және марксистік Тупак Амару революциялық қозғалысын тудырды. Екі ұйым да Перу үкіметіне қарсы қарулы күрес жүргізді. Президент Фухимори радикалды әрекеттерді тоқтатып, елдегі жағдайды тұрақтандыруға қол жеткізді.Қазір экс-мемлекет басшысы қызының үйіне келді.
КЕЙКО ФУХИМОРИ БҰРЫНҒЫ ПРЕЗИДЕНТТІҢ ҚЫЗЫ: «Біз бәріміз жаңа процесті бастаймыз деп үміттенеміз. Біздің жүрегімізде өшпенділік пен зұлымдыққа орын жоқ. Біздің басымыздан өткен және қазір сезінген барлық нәрсе үшін тек алғыс айтам.Мен бұрынғы президент Кучинскийге кешірім жасағаны үшін, сондай-ақ қысым мен қорлауға ерлікпен төтеп берген барлық адамдар мен мемлекеттік қызметкерлеріне алғыс айтамын».
КЕНХИ ФУХИМОРИ ЭКС- ПРЕЗИДЕНТТІҢ ҰЛЫ: «Мен осы уақыт ішінде әкем әділетсіз түрмеде отырғанда бізге шын жүректен көңіл бөліп, оның денсаулығына алаңдаған барлық адамдарға алғыс айтқым келеді».
Альберто Фухимори - Перудағы бірінші азиялық президент және Жапон императорлық үйіне кірмейтін әлемдегі жалғыз жапон.