NASA қызметкерлері мен Халықаралық Ғарыш Станциясының экипаж мүшелері Халықаралық ғарыш станциясының 25 жылдығын атап өтті.
Осыған орай Джонсон ғарыш орталығы мен станция экипажы арасында тікелей байланыс орнады. NASA әкімшісінің орынбасары Боб Кабана ХҒС іске қосылғаннан бергі негізгі жетістіктерін, соның ішінде 3000 ғылыми зерттеулерін атап өтті.
ДЖОЭЛЬ МОНТАЛЬБАНО NASA ӨКІЛІ: «Жерде тұрып үйрету мүмкін емес нәрселерді орбитаға шыққаннан кейін өз бетінше үйренуге мүмкіндік туды»
ХҒС экипажының командирі Андреас Могенсен өз тәжірибесімен бөлісті.
АНДРЕАС МОГЕНСЕН ХҒС ЭКИПАЖЫНЫҢ КОМАНДИРІ: «Салмақсыздық - бұл ерекше нәрсе. Өкінішке орай, оған дайындалудың жолы жоқ. Біз мұны ұшу кезінде сезіне аламыз, бұл жерде нөлдік гравитацияда өмір сүру және жұмыс істеу қызықты ғана емес, сонымен қатар өте қиын».
Моргенсен Жер орбитасында зертхананы пайдалануға көп елдер мен жеке компаниялар қатысады деп үміттенетінін айтты.ХҒС бортинженері Лорал О'Хара да алған әсерімен бөлісті.
ЛОРАЛ О'ХАРА БОРТИНЖЕНЕР: «Дүние жүзіндегі адамдардан құралған командалар біздің тамақ пен киім-кешектен бастап, борттағы ғылыми зерттеулерге дейін осы миссиялардың барлық аспектілерін зерттеп жатыр. Олар ғарыш станциясын да басқарады. Сенсеңіз де, сенбесеңіз де: біз бортта болсақ та, біз ғарыш станциясын басқармаймыз. Оны Хьюстондағы, Ресейдегі және басқа жерлердегі миссияларды басқару орталықтарындағы бақылаушылар топтары басқарады».
1998 жылы 20 қарашада Ресей ғарышты игерудің жаңа дәуірін ашты. Ресейдің «Протон» зымыран тасығышы Қазақстандағы Байқоңыр ғарыш айлағынан ұшырылып, ХҒС-ның Заря деп аталатын бірінші модулін орбитаға шығарды.
Модульдер ғарышта 1998 жылы 7 желтоқсанда құрастырылды. ХҒС АҚШ, Ресей, Еуропа, Жапония және Канада секілді алпауыттардың басын біріктірді. Халықаралық ғарыш станциясы да планетадағы адам жасаған ең қымбат зертханаға айналды.