27 наурыз – Халықаралық театр күні. Осыған орай С. Мұқанов атындағы облыстық қазақ сазды-драма театрында «Театр – өмір айнасы» атты мерекелік кеш өтті. Салтанатты іс-шарада ұжымның еңбегі ерен қызметкерлеріне алғыс хаттар мен ақшалай сыйақы табысталды. Сондай-ақ, 7 аталым бойынша «Алтын сақа» премиясының жүлдегерлері анықталды.
Бұрын театр ұжымы мереке күні көрермен үшін спектакль қойып, кейін ең үздіктерді өзара анықтайтын еді. Ал, биыл «Алтын сақа» жүлдегерлерін марапаттауға көпшілік те куә болды. Өнер ордасы ұжымының облыстық,республикалық сонымен қатар халықаралық додаларда жеткен жетістіктері ауыз толтырып айтарлықтай.
АСЫЛХАН РӘЗИЕВ С.МҰҚАНОВ АТЫНДАҒЫ ОБЛЫСТЫҚ ҚАЗАҚ САЗДЫ-ДРАМА ТЕАТРЫНЫҢ АКТЕРІ: «Біз бұған дейін ескі театрдың ғимаратында болғанбыз. Одан кейін келе бертін осы жаңа ғимаратқа көшіп келдік. Сол уақыттың ішінде біршама рөлдердің сомдадық. Біршама белестерге жеттік. Былайша айтқанда, облыстық, республикалық тіпті Халықаралық додаларға қатысып жетістікпен келген жайымыз бар».
Мерекелік кеште көрермен назарына спектакльдерден үзінді қойылып, кейін ұжым қызметкерлері мен актерлер 7 номинация бойынша марапатталды.