Ақтауда өткен жылы қала әкімдігі 44 млн теңге жұмсап, заманауи үлгідегі 10 қоқыс контейнер сатып алған. Қыруар қаржыға алынған қоқыс жәшіктері желді аймақ үшін тиімді, санитарлық тұрғыдан тазалықты сақтауға да оң әсерін тигізуі керек болған. Алайда қанша қымбат болғанымен толассыз жауған жаңбырға төтеп бере алмады. 

Қоқыс жәшіктері  қалада толассыз жауын-шашыннан соң алғашқылардың бірі болып орнатылған 19-шы шағынаудандағы жер асты қоқыс жәшіктері жер бетіне қалқып шықты. Тұрғындар тарапы мұның барлығы сапасыз жұмыстың нәтижесі дейді.

Ал жәшіктерді орнатқан  компания өкілдері  орнатылуында еш мін жоқ. Бұл  жауын-шашын салдарынан орын алды, өйткені жаңбыр суынан кейін жер астынан өтетін магистральдық құбырдың үстіндегі асфальт жабыны опырылып түскен деп отыр. 

АЛЕКСАНДР ПАВЛЮКОВ ҚОҚЫС КОНТЕЙНЕРЛЕРІН ӨНДІРУШІНІҢ ӨКІЛІ «Биыл бізде қар да ,  жаңбыр да мол жауды. Салдарынан топырақтың шөгуі басталды.Әрине оның жер астындағы жәшікке қатысы жоқ. Бірақ тізбекті реакция басталып, жер опырылды. Енді біз бұл қоқыс жәшігіне демонтаждадық, жөндеу жұмыстарын жүргіземіз».

Ал әкімдіктегілер бұл үшін ешкім жазаланбайтынын , бұндай оқиға қала ішінде тек бір жерде орын алғанын айтты. Ал келтірілген шығынды  контейнерді өндіруші компания кепілдік мерзіміне сәйкес қайта қалпына келтіреді. 

ҒАЗИЗ САҒЫНҒАЛИЕВ  АҚТАУ ҚАЛАЛЫҚ ТҮКШ БӨЛІМІНІҢ БАС МАМАНЫ «Осы жағдайға байланысты қоқыс жәшігі жердің бетіне шығудан бұрын айналасындағы автокөлік жолын және жаяу жүргіншілер жолын ойылғандығын тұрақсыздығын байқауға болады. Алдын ала жарылған. Ол тек ғана бір нүктеге емес әртүрлі аймақта орын алған». 

Бұл заманауи қоқыс жәшіктерінің әрқайсысысына  4,5 миллион теңгеге жуық қаржы жұмсалған. Биыл шенеуніктер 1 миллиард теңгеге осындай контейнерлерді сатып алудан бас тартты.