Лас-вегастағы тұтынушыларға арналған CES электроника көрмесінде әр түрлі салаларда қолданылатын жаңа құрылғыларды ұсынды. Өндірушілер осы аксессуарды сатып алған адамдар бұрынғы заманды сағынышпен еске алар деп үміттенеді. Бұл пернетақта сенсорлық экранды телефонға қосылады. Британдық стартап ерекшеленгісі келетін сатып алушыларға арналған. Компанияның жұмыс істеуіне 1 жыл ғана болғанымен, жұмысшыларында Apple және BlackBerry-де істеген тәжірибелері бар.
ДЖОНАТАН ЯНГ CLICKS TECHNOLOGIES НЕГІЗІН ҚАЛАУШЫ: «Біз CES-тен үлкен жетістік күткен едік. Осындай керемет гаджетты шығарып, үмітімізді ақтады».
200 доллардай тұратын аксессуардың екі түсті түрі бар. Ал бұл бәтеңкелер сізге 3 есе жылдам жүруге мүмкіндік береді. Жеңіл әрі амортизациясы жақсарған «ақылды» аяқ киім Moonwalkers X қойма қызметкерлері үшін арнайы әзірленген. Ол сондай-ақ жасанды интеллектпен жабдықталған жәнен адамның қадам ұзындығы мен жүру жылдамдығына қарай пайдаланушыға бейімделеді.
СЮАНЬЦЗЕ ЧЖАН SHIFT ROBOTICS НЕГІЗІН ҚАЛАУШЫ: «Олар бүкіл ақпаратты зерттеп, келесі қадамыңыз қандай болатынын миллисекундтарда түсіне алады».
Француздық компания шығарған ақылды айна арқылы сіз психикалық денсаулық бойынша кеңес ала аласыз. Ол пайдаланушының психикалық жағдайына негізделіп жекелендірілген ұсыныстармен бөліседі. Гаджет коучинг үшін жасанды интеллектпен қамтамасыз етілген. Одан басқа қимылдар мен мимиканы талдау арқылы адамның көңіл-күйін анықтай алады.
ХУОНГ ЛЕ ДЬЕ BARACODA ӨКІЛІ : «Сіз айнамен сөйлесу барысында, ол сізге түрлі кеңес береді. Мысалы, сіз егер де күйзеліске ұшырасаңыз, ол сізге медитацияны ұсынады».
Сондай-ақ «ақылды» айна өзінің үлкен деректер жиынтығына негізделіп, тері талдауын жасай алады. Содан кейін сегіз түрлі индекске негізделген балл қояды. Лас-Вегаста жыл сайынғы CES технологиялық көрмесі 9 қаңтарда ашылды. 1200-ден астам стартап 230 мың шаршы метр көрме алаңында өздерінің жаңа технологияларын ұсынады.