Алматы облысы көкпар федерациясы ұлттық спорт және көкпар ойынын дамытуға үлестерін қосып жүрген шабандоздарды марапаттау мақсатында «Алатау -тұғыры» атты салтанатты кеш өткізді. Облыстағы 9 ауданның басын біріктерген шара жайлы толығырақ тарқатсақ.

Құрылғанына жылға жуықтаған Алматы облысы көкпар федерациясы іс шараның өтуіне мұрындық болып отыр. Мақсат алыс аудандардағы көзге көрінбей жүрген жас шабандоздардың,атбегілер және көнеден көкпар шауып жүрген алдыңғы буын өкілдерінің басын біріктіру.

ЕРЖАН НҰРШАТ  АЛМАТЫ ОБЛЫСЫ КӨКПАР ФЕДЕРАЦИЯСЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ

Үздік жас шабандоз, үздік атбегі,үздік қыран марапаттары тағайындалған шарада 2024 жылдың қыркүйек айында Астана қаласында өтеді деп жоспарланып отырған  Көшпенділер ойынына 6 шабандоз құрама командаға іріктеліп алынды.

ЕЛДОС ТІЛЕУБАЛДИЕВ АЛМАТЫ ОБЛЫСЫ БОЙЫНША ҰЛТТЫҚ АТ СПОРТЫ, СПОРТТЫ ДАМЫТУ ДИРЕКЦИЯСЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ

Шара соңында облыс көлеміндегі үздік деген шабандоздарға сый сыяпат көрсетіліп,алғыс хаттармен марапатталды.