Әр адам,әр жасөспірім еліміз үшін маңызды тұлға. Болашағымыз,ел ертеңінің тұтқасы балаларымыз күйзеліске түскен жағдайда тез арада жәрдемдесу мақсатында Алматы қаласы,Бостандық аудандық «SENIM» психологиялық қолдау көрсету орталығы өз жұмысын бастады.

Орталық алғашқы жұмыс күнін архитектура,дизайн және инженерия колледжі қабырғасынан бастады. Бостандық ауданы әкімшілігі және білім басқармасының қолдауымен бастау алған игі шарада жастарды жан жақты қолдау тақырыбында тағылымды ойлар айтылды.  

СӘКЕН АРАЛБАЕВ АЛМАТЫ ҚАЛАСЫ БОСТАНДЫҚ АУДАНЫ ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ

Ауданның ең үздік психолог мамандарының басын біріктерген жоба құқықтық көмек,психологиялық қажеттілік туындаған білім ошақтарына көмек көрсететін болады. Әр айдың соңғы бейсенбісінде білікті мамандар жиналып бір күнін осы іске арнамақ.

АСЫЛ АСҚАРҚЫЗЫ «SENIM» ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ ҚОЛДАУ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ПСИХОЛОГЫ

Бұл игі бастама тек Бостандық ауданында ғана емес психолог қажеттілігі туындаған қаладағы барлық  ата-ана,балалар үшін есіктері айқара ашық.  Арт терапия,ертегі,қуыршақ сынды терапиялар балалардың мәселесіне қарай тағайындалады.

АЙГҮЛ ЖҰМАБЕКҚЫЗЫ АЛМАТЫ ҚАЛАСЫНЫҢ БОСТАНДЫҚ АУДАНЫ БІЛІМ БӨЛІМІНІҢ БАСШЫСЫ

Еліміздің өскелең жастарының озық ойлы,бәсекеге қабілетті тұлға болып қалыптасуына орталықтың тигізер пайдасы мол.