"

Бәріміз қолданатын «WhatsApp»  әлеуметтік желісіне өзін банк немесе полиция қызметкерімін деп таныстырып, түрлі мәтінде хабарлама жіберетін әккілердің саны көбейіп барады. Осыған орай Қызылорда қалалық полиция басқармасында «CyberPol» жедел тергеу тобы құрылды. Мақсат - алаяқтардың арбауынан қарашаны сақтау. Ұйымдасқан жедел топ істі жылдам жасауға тырысуда. Қарасы көп қараша жүретін жерлерге ескерту парақтары ілінуде. Естеріңізге сала кетейік, құрықталған интернет алаяқтарын заң талабына сәйкес 190 баптың 4 тармағы бойынша 3 жылдан 7 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қабылданған болатын. 

МАҚСАТ БАЙМАҒАНБЕТОВ ҚПБ КРИМИНАЛДЫҚ ПОЛИЦИЯ БАСТЫҒЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ