"

Шаған өзенінде су деңгейі көтеріліп, Орал қаласындағы Ягодка саяжайына тықыр таянды. Қауіптің алдын алу мақсатында Қызылорда, Қарағанды, Ақтөбе, Алматы өңірінің төтенше жағдайлар департаменттерінің қызметкерлері және әскери бөлімдердің сарбаздары бірігіп,бөгеттерді нығайту жұмыстарын жанталаса жүргізіп жатыр. Аймақтағы 120 қызметкерлердің күштерімен инертті материалдармен толтырылған 2900 қап төселді. Атап айтарлығы құтқарушылардың көмегімен  Ақжайық ауданындағы ауылдарда 18 бас жылқы жағаға шығарылған. Төрт түліктің иесі  құтқарушыларға алғысын да білдірді.Қызылорда облысының құтқарушылары қызу жұмыс үстінде.

МЕЙРАМБЕК ДОСПЕНБЕТОВ ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫ ТЖД ЖЕДЕЛ ҚҰТҚАРУ ЖАСАҒЫ БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ