Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлтық университетінде жоғары білім берудің сапасы мен басқару жүйесін заманауи талаптарға сай жетілдіруге бағытталған «Professional Week – 2026» апталығы аясында ауқымды шара өтті. 2026 жылдың 3–6 наурыз аралығында жоғары оқу орнында «Академиялық басқару және білім беру сапасы: жетекшілер мен оқытушылар үшін қарқындылық» тақырыбында сараптамалық стратегиялық сессия ұйымдастырылды.

Әл-Фараби кітапханасында және университет кафедраларында офлайн форматта ұйымдастырылған бұл жиынға факультет декандарының орынбасарлары, кафедра меңгерушілері, академиялық комитет төрағалары мен мүшелері, сондай-ақ профессор-оқытушылар құрамы белсенді қатысты.

Стратегиялық сессияның басты мақсаты — оқу қызметін процестік тұрғыдан басқару, генеративті жасанды интеллект (GenAI) құралдарын пайдалана отырып пәндерді құзыреттілікке негіздеп жобалау және критериалды бағалау жүйесін енгізу. Сонымен қатар білім беру процесіне қатысушылар арасында бірыңғай этикалық және конфликтологиялық тәсілдерді қалыптастыру мәселесі алға қойылды.

Сессия жұмысы барысында құжат айналымын күрделендірмей, негізгі оқу үдерістерін басқару тәжірибесі пысықталып, оқыту мен бағалауда жасанды интеллект құралдарын қауіпсіз пайдалану қағидалары оқытылды.

Төрт күнге созылған жиында қатысушылар бес негізгі бағыт бойынша бөлініп, практикалық жұмыстар жүргізді:

Оқыту үдерісінде жасанды интеллектімен жұмыс істеудің «Draft → Critique → Improve» (жоба → талдау → жетілдіру) хаттамасы қолданылып, оқытушылардың кәсіби дағдыларын арттыруға басымдық берілді.

Сараптамалық стратегиялық сессияның қорытындысы бойынша университет деңгейінде енгізілетін нақты құжаттар мен жобалық шешімдер әзірлендіОлардың қатарында негізгі оқу үдерістері регламенттерінің жобалары, жаңартылған силлабустар мен критериалды бағалау рубрикаторлары, сондай-ақ білім беруде жасанды интеллектіні (GenAI) қолдану жөніндегі бірыңғай стандартты нұсқаулықтар бар.

Жиын соңында әр факультет пен кафедра деңгейінде кәсіби шамадан тыс жүктемені арттырмай, жаңа шешімдерді кезең-кезеңімен енгізу жоспары мен өзгеріс көшбасшыларының пулы қалыптастырылды.

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ профессор-оқытушылары:
Ф.ғ.д., профессор м.а. Айдарбек Қ.Ж.
PhD , доцент м.а. Аккузова А.А.
Магистр (докторант), оқытушы Мырзабек Б.М.