Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті қоғам алдындағы әлеуметтік жауапкершілікті арттыру және БҰҰ-ның Тұрақты даму мақсаттарын орындау шеңберінде бірқатар стратегиялық міндеттерді жүзеге асыруды қолға алды. Бағдарламаның негізгі мақсаты — студенттер мен қала тұрғындарының денсаулығы мен әл-ауқатын жақсартуға жағдай жасау.
Тұрғындарға арналған ақпараттық-ағартушылық жобалар
ҚазҰУ Алматы қаласында денсаулықты нығайтуға бағытталған арнайы бағдарламалар мен жобаларды іске асыруды жоспарлап отыр. Осы мақсатта студенттік волонтерлік бағдарламалар кеңінен тартылады.
Ақпараттық-профилактикалық жұмыстар келесі негізгі бағыттарды қамтиды:
- Жеке гигиена және дұрыс тамақтану мәдениеті;
- Бұқаралық спорт пен физикалық жаттығуларды насихаттау;
- Отбасын жоспарлау және белсенді ұзақ өмір сүру мәселелері.
Спорттық инфрақұрылымның қала тұрғындарына қолжетімділігі
Университеттің өзіндік спорттық нысандары мен ғимараттарын тиімді пайдалану мақсатында жаңа интеграциялық тетіктер енгізілуде. ҚазҰУ-дың спорттық кешендері мақсатты түрде келесі топтармен бірлесіп пайдаланылады:
- Алматы қаласындағы жалпы білім беретін мектептермен;
- Университет қалашығына жақын орналасқан тұрғын үйлердің тұрғындарымен.
Бұл қадам қалалық ортада бұқаралық спортты дамытуға және көршілес қауымдастықтар арасында салауатты өмір салтын қалыптастыруға бағытталған.
Білім алушылардың әлеуметтік-медициналық қауіпсіздігін қамтамасыз ету аясында университетте арнайы қолдау көрсету шаралары қарастырылған. Бағдарлама аясында жастарға аталған бағыт бойынша білікті ақпараттық және білім беру қызметтері жүйелі түрде ұсынылады.
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ профессор-оқытушылары:
Ф.ғ.д., профессор м.а. Айдарбек Қ.Ж.
PhD , доцент м.а. Аккузова А.А.
Магистр (докторант), оқытушы Мырзабек Б.М.
