Баланың жан-жақты дамуы,толыққанды азамат болып қалыптасуы ұстаздар мен ата-аналардың ортақ ымырасына байланысты. Оқу-ағарту министрлігінің тікелей тапсырмасы аясында кешенді бағдарламалар жүзеге асуда. Соның бірі ашық-есік күндері.
Алматы қаласындағы № 207 мектеп-лицейінің қабырғасында ұйымдастырылып отырған шараның негізгі мақсаты ата-ана, оқушы, мұғалім арасындағы қарым - қатынасты жақсарту. Бала тәрбиесіндегі ата-ана көзқарасын кеңейту.
Ашық есік күні аясында ата-аналар балаларының шығармашылығын көріп, өнерін тамашалап, білімін бақылап, толғандырған сұрақтарына жауап алып, мектеп тынысымен кеңінен танысуға мүмкіндік алады.
ӘЛИЯ ЕЛЕМАНОВА АЛМАТЫ ҚАЛАЛЫҚ №207 МЕКТЕП-ЛИЦЕЙІНІҢ ДИРЕКТОРЫ
Жастарды жанжақты дамыту,ортақ мүдденің бірі. Білім шаңырағының қабырғасында сапалы білім мен қатар,саналы тәрбие беру жүйесі қатар жүреді. Өздеріңіз көріп тұрған жастардан құралған ұжым, мектеп ішінен ашылған «Сен» театрының өнерпаздары. Ата-аналар мен ұстаздардың,оқушылардың назарына екінші туындыны ұсынып отыр. «Балқадиша» қойылымын қойды.
САНДУҒАШ МҰСАБАЕВА ҚАЗАҚ ТІЛІ МЕН ӘДЕБИЕТІ ПӘНІНІҢ МҰҒАЛІМІ
НӘЗИЯ ҒАЛЫМҚЫЗЫ АЛМАТЫ ҚАЛАСЫ НАУРЫЗБАЙ АУДАНДЫҚ БІЛІМ БӨЛІМІНІҢ ӘДІСКЕРІ
Театрды мектеп өміріне енгізуге мақсат - оқушылардың шығармашылығын дамыту, балалардың бойына рухани қазынаны сіңіру және ұлтжандылыққа тәрбиелеу. Баланың сөйлеу мәнерін жақсарту және көпшілік алдында өзің ұстауға дағдыландыру.
ГҮЛШАТ ЕРКЕБАЕВА ТАРАЗ ҚАЛАСЫНАН КЕЛГЕН АТА-АНА