Бүгін жас педагогтердің қатысуымен «Өз жұлдызыңды жақ» атты аудандық байқау өтті. Онда ұстаздар мәртебесін және шығармашылық әлеуетін арттыру мақсатында бақ сынады.
АРУЖАН ҚАНАТҚЫЗЫ АЛМАТЫ ҚАЛАСЫ ТҮРКСІБ АУДАНДЫҚ БІЛІМ БӨЛІМІНІҢ ӘДІСКЕРІ: «Байқауымызға 19 мектеп, оның ішінде 22 жас маман қатысып жатыр. Жалпы мақсаты – жас мамандардың әлеуметтік дәрежесін, педагогтердің беделін арттыру. Аауданымыздан жас талантты анықтау».
Байқау 4 кезеңнен тұрды. Әр турдан өту кезінде білімді қатысушылар өздерінің дарынын, шығармашылық әлеуетін көрсетіп, инновациялық идеяларын ортаға тастап, тың ақпараттарымен бөлісті.
САЛТАНАТ ҚАЙРАТҚЫЗЫ АЛМАТЫ ҚАЛАЛЫҚ №203 ЖББ МЕКТЕПТІҢ МҰҒАЛІМІ: «Бұл жалпы қалалық байқау болғандықтан, қазір бізде аудандық тур өтіп жатыр. Осы аудандық турдан өткен жас маман қалалыққа өтіп, сонда біздің ауданның намысын қорғайтын болады».