Бүгін Кардиология және ішкі аурулар ҒЗИ-да «Орфандық аурулар. Диагностика мен емдеудің өзекті мәселелері» тақырыбында республикалық ғылыми-практикалық конференция өтті. Шара жайлы толығырақ тарқатсақ.
Іс шараға ҚР Денсаулық сақтау министрлігі мен С.Қайырбекова атындағы Ұлттық денсаулық сақтауды дамыту ғылыми орталығының,ҒЗИ өкілдері қатысып,сирек кездесетін орфандық аурулары бар науқастарды диагностикалау, бағыт беру, дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету мәселелерін талқылады.
АРАЙ БАТЫРБАЕВА РЕСПУБЛИКАЛЫҚ АЛЛЕРГОЛОГИЯЛЫҚ ОРТАЛЫҚТЫҢ БӨЛІМ МЕҢГЕРУШІСІ
ҚР Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық көмекті ұйымдастыру департаментінің әлеуметтік маңызы бар аурулар бойынша медициналық көмек басқармасының басшысы Гүлнар Мақсұтованың айтуынша, Қазақстанда аталған ауруларды емдеу көп қаражатты қажет етеді, мемлекет пациенттерді тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде терапиямен қамтамасыз ету шығындарын өзіне алады.
АРАЙ БАТЫРБАЕВА РЕСПУБЛИКАЛЫҚ АЛЛЕРГОЛОГИЯЛЫҚ ОРТАЛЫҚТЫҢ БӨЛІМ МЕҢГЕРУШІСІ
Мысалы, бір баланы емдеуге республикалық бюджеттен жылына 40-тан 80 млн теңгеге дейін бөлінеді, себебі бір ампуланың құны 300-ден 600 мың теңгеге дейін болуы мүмкін. Қазақстан ТМД елдерінің ішінде сирек кездесетін аурулармен ауыратын науқастарды емдеуді мемлекет есебінен толық қаржыландыратын мемлекеттердің бірі. Қазақстанда аталмыш аурудың 66 түрі ресми түрде тіркелген. 2017 жылдан бері кардиологиялық ҒЗИ орфандық ауруларды қадағалайтын орталық болып саналады.
МАЙСА БАЙЗАҚҚЫЗЫ ҒЗИ ЕКІНШІ БӨЛІМШЕСІНІҢ МЕҢГЕРУШІСІ
Жалпы бүгінгі конференция медицина саласында пікір, тәжірибе және идеялармен алмасуға, сондай-ақ орфандық ауруларды диагностикалау мен емдеу жөнінде ақпарат беру бағытында жұмысты жалғастыруға мүмкіндік береді.