Азия пара ойындарынан Қазақстан құрамасы үздіктер қатарына ілікті. Спортшыларымыз жалпы саны 41 медель еншілеп, 44 мемлекет ішінде 11-ші орынға тұрақтады. Бүгін Премьер-Министр Әлихан Смайылов жеңімпаздармен кездесіп, оларға Мемлекет басшысының атынан алғыс хат пен естелік сыйлықтар табыс етті.
ӘЛИХАН СМАЙЫЛОВ ҚР ПРЕМЬЕР-МИНИСТРІ: «Спортшылармыз 8 алтын, 12 күміс және 21 қола медельға қол жеткізді. Бұл жетістік қазақ спортының тарихына алтын әріппен жазылатын болады. Саңлақ спортшыларымыз мемлекеттің мерейін арттырып, абыройын асқақтатты. Біз оларды жас ұрпаққа үлгі етуіміз керек. Сіздерді үлгі етеміз. Қазақстандықтар сіздердің жеңістеріңзді мақтан тұтады. Сіздер жеңістің биік шыңына жеттіңіздер».
АҚМАРАЛ НАУАТБЕК IV АЗИЯ ПАРА ОЙЫНДАРЫНЫҢ АЛТЫН МЕДАЛЬ ИЕГЕРІ: «Біздің құрама жалпы командалық есепте екінші орынға ие болды. Біз 3 алтын, 4 күміс және 7 қолаға қол жеткіздік. Бұл үлкен жетістік. Алдында бізде алтын болған жоқ. Азия ойындары үлкен дайындық болғаны көрініп тұр. Қуаныштымыз. Жанкүйерлер жылы сөздер айтты. Ризамын қазақ халқына».
ЗУЛЬФИЯ ҒАБИДУЛЛИНА IV АЗИЯ ПАРА ОЙЫНДАРЫНЫҢ ҚОЛА МЕДАЛЬ ИЕГЕРІ: «Мен төртінші рет қатысып жатырмын. Біздің спортшыларымыз керемет жетістік көрсетті. Баршаларыңызға ризамыз. Зор алғыс. Біз үшін жанкүйер болған еліме рахмет».