«Союз МС-23» капсуласы қазақ даласына қалыпты жағдайда қонды. Ол Жерге 68-ші және 69-шы ұзақ мерзімді экспедициялардың қатысушылары - ресейліктер Сергей Прокопьев пен Дмитрий Петелинді, сондай-ақ NASA астронавты Франсиско Рубионы әкелді. Экипаж Халықаралық ғарыш станциясында 371 күн болды.
Бұл Прокопьевтің екінші рейсі. Ол ғарышта барлығы 567 күн ұшып, ғарыш кеңістігіне 8 рет шығып, 55 сағатын өткізген. Петелин алғаш рет ғарышқа ұшты. Бұған дейін ол 6 рет ғарыш кеңістігіне шығып, онда 40 сағатқа жуық уақыт болған.
Рубио да Халықаралық ғарыш станциясына алғаш рет барды. Ол ең ұзақ үздіксіз ғарыштық ұшу бойынша америкалық рекордты жаңартты. Бұған дейінгі жетістік Марк Ванде Хейге тиесілі. Оның ұшуы 355 күнге созылды.
ФРАНСИСКО РУБИО NASA АСТРОНАВТЫ: «Тамаша, барлығы тамаша жұмыс жасады»
Экипаж 6 айға кешігіп оралды. Себебі, оларды жерге жеткізуі тиіс «Союз МС-22» ғарыш кемесіне метеорит құлаған. Нәтижесінде сыртқы жылуды басқару жүйесі қысымсызданды. Ғарышкерлерге «Союз МС-23» ғарыш кемесі жіберілді. Ал экипаж ресейлік Валерий Поляков әлемдік рекордтан алыс. Ол 1994 жылдың қаңтарынан 1995 жылдың наурызына дейін созылған ұшу кезінде «Мир» ғарыш станциясында 437 күн болды.