2048 жылға дейін Алматы мен Қонаев қалаларының ортасында жалпы ауданы 30 мың гектар болатын «G4 City» арнайы интеграцияланған қала салынады. Онда білім беру, медицина, өнеркәсіптік және логистикалық хабтар бой көтереді.
Бүгін Үкімет басшысы Әлихан Смайыловтың төрағалығымен осы жобаны іске асыруға қатысты жиын өтті. Жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров пен Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиев баяндама жасады.
Талқылау қорытындысы бойынша Премьер-Министр уәкілетті мемлекеттік органға бірқатар тапсырма берді. Енді жауаптылар бұл міндетті жіті қадағалауға алып,уақытында орындаулары керек.