Оңтүстік астанамызда «Қазақстандағы ұлттық жарнама тілін қалыптастыру және цифрландыру» атты халықаралық ғылыми-теориялық конференция өтті. Аталмыш іс-шараға республикамыздың, сондай-ақ алыс-жақын шетелдердің белгілі ғалымдары, қоғам қайраткерлері, ғылыми қауым өкілдері және мемлекеттік тілді оқыту орталықтарының мамандары мен БАҚ қызметкерлері қатысты. Конференция жұмысының негізгі бағыттары: Профессор А. Жұбановтың тілтанымдық мұрасы, Әлеуметтік лингвистика, Жарнама тілі және Жарнама корпусы,Тіл және экономика, Қазақстандағы жарнаманың әлеуметтік-экономикалық мәселелерін қамтиды.
АЙДАНА МАХАМБЕТОВА А.БАЙТҰРСЫНҰЛЫ АТЫНДАҒЫ ТІЛ БІЛІМІ ИНСТИТУТЫНЫҢ КІШІ ҒЫЛЫМИ ҚЫЗМЕТКЕРІ