Сыртқы жарнаманы көше бойына ілу үшін салық төлеуші алдымен қалалық сәулет және қала құрылысы бөлімінен рұқсат құжатын алуы қажет. Алайда, мемлекеттік кірістер басқармасының мәліметіне сәйкес Қызылорда қаласы бойынша жыл басынан бері қала аумағындағы көшелерде 87 кәсіптік нысан рұқсат құжатынсыз жарнамалар орналастырған.
Заң бойынша сыртқы жарнаманы орналастыратын тұлғалар төлемақы төлеушілер болып есептеледі. Ал төлемақы мөлшері күнтізбелік 30 күн ішінде айқындалады. Алайда, бұл міндеттерді уақытылы және толық көлемді орындауға жауапты екендіктерін назардан тыс қалдыруда.
ЖОРАБЕК СУЮРБАЕВ ҚЫЗЫЛОРДА ҚАЛАСЫ БОЙЫНША МЕМЛЕКЕТТІК КІРІСТЕР БАСҚАРМАСЫ БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ
Сонымен қатар, бөлшек салықтың арнаулы режимі бекітілген. Арнаулы салық режимін қолдану үшін мақсаты мен қызмет түрі айқындалып, шешім қабылданады. Бөлшек салықтың мөлшерлемесі 8 % бен 4%. Жергілікті мәслихат жекелеген салалар үшін мөлшерлемені төмендетуі әбден мүмкін. Яғни, мұнда жергілікті өзін-өзі басқару органдары мөлшерлемені реттеу арқылы белгілі бір саланың дамуына мүмкіндік береді. Бұл ретте жергілікті уәкілетті органдардың бөлшек салық ставкаларының мөлшерін 50 пайызға яғни, 4 пайыздан 2 пайызға дейін төмендету мүмкіндігі бар. Ал, ірі кәсіпорындардың салығын төмендету үшін дара кәсіпкерлерді пайдалануын болдырмау мақсатында шығыстарды сатып алушы шегерімге жатқызған кезде салықтың жоғары мөлшерлемесі белгіленеді яғни, бұл 8 пайыз.
МЕЙРАМБЕК ИБРАИМОВ ҚЫЗЫЛОРДА ҚАЛАСЫ БОЙЫНША МЕМЛЕКЕТТІК КІРІСТЕР БАСҚАРМАСЫ БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ
ҚР Конститутциясының 35-бабына сәйкес, заңды түрде белгіленген бұл салықтарды, алымдарды және өзге де міндетті төлемдерді төлеу әркімнің борышы әрі міндеті екенін еске салады кірістер басқармасының мамандары.