Алматы қаласындағы Алатау дәстүрлі өнер театрында белгілі композитор Теміржан Базарбаевтың 90 жылдық мерейтойына арналған мүмкіндігі шектеулі жандар арасында Халықаралық «Екі Жұлдыз» ән фестивалі өтті. Толығырақ тілші материалында.
Фестивальге Қазақстанның барлық облыстарынан сондай-ақ Қырғызстан, Өзбекстан,Түркия мемлекеттерінен зағип әншілер қатысты. Жобада 28 қатысушы, барлығы 14 жұп өнер көрсетті. Сонымен қатар Халықаралық фестивальдердың лауреаттары мен өнер жұлдыздары қатысушыларды жан-жақты бағалап, өз ойларын ортаға салды.
ҒАЗИЗХАН ӘДІЛХАНОВ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ «ЕКІ ЖҰЛДЫЗ» МҮМКІНДІГІ ШЕКТЕУЛІ ӘНШІ ДУЭТТЕР ФЕСТИВАЛІНІҢ ДИРЕКТОРЫ «Шараның мақсаты- ел мен елді таныстыру, осындай өнерпаздарды достастыру, мүмкіндігі шектеулі жандарға біздің мемлекетіміздің, қоғамымыздың тарапынан көңіл бөлу. Мүмкіндігі шектеулі жандарға көңіл бөліп жатқан Алматы қалалық әкімшілігіне және осы өзіміздің Алатау дәстүрлі өнер театрының басшылығына Мүмкіндігі шектеулі жандар атынан алғысымызды білдіреміз».
Айта кетейік, аталмыш іс-шара Республикалық деңгейде 9 рет аталып өтілсе, биыл бірінші рет халықаралық деңгейде өтіп отыр.