Алматы облысына қарасты Кеген ауданында көпшілік көптен күткен ет коминаты жұмыс істей бастады. Өндіріс ошағының жобалық құны 2,5 млрд теңге. Мұнда бордақылау алаңы бар және 50 тұрақты жұмыс орны ашылады.
Зауыт өңір тұрғындарын ет өнімдерімен, шұжық және консерві өнімдерімен қамтамасыз ету мақсатында құрылды. Жобалық қуаты 1 ауысымда 40 бас ірі қара мал, 150 бас ұсақ мал және 10 бас жылқы сойылады. Қазіргі уақытта, құрылыс жұмыстары 90 пайызға аяқталды. Құрылғылары толығымен сатып алынып,тексеріп көру мақсатында 2 бас ірі қара малы сойылды. Бұл жоба Кеген, Нарынқол, Ұйғыр ауданы мал шаруашылығымен айналысатын аумақ болғандықтан осындағы халықтың әл ауқатын көтеру үшін салынды.
ТОҚТАРБЕК БАЙМОЛДАЕВ ӨНДІРІС ОРНЫНЫҢ БАСШЫСЫ
Жоба жетекшілерінің айтуынша, зауыт толық бітті, енді әрі қарай жүргізу үшін комбинат күшіне енуі керек. Яғни, халықты жұмысқа тартып ет өнімдерін шығару шұжық, консервіленген өнімдер, жүн өңдеу, тері өңдеу сияқты салаларға оқыту қажет. Қазіргі уақытта, мал соятын техникалар мен техникалық желілерді сынақтан өткізіп, өндірістік қауіпсіздік сертификаттарын алу бойынша жұмыстар жүргізіліп жатыр.