Алматы облысы,Балқаш ауданында күрішке орақ түсті. Диқандар,ауа-райының қолайсыздығына қарамастан ақ маржанды ысырап қылмау мақсатында, тер төге еңбек етуде.
Бұл «Бірлік» агрофирмасы. Дала төсінде,желдің өтінде жүрсе де білек сыбана еңбек етіп жатыр. Шаруашылық биыл 1360 гегтар жерге күріш, 950 гегтарға бидай,3100 гегтар алқапқа көп жылдық жоңышқа еккен.Жоғарғы сапада өнім алу үшін ерекше сорттағы бидай мен күріш дақылдарын сепкен.Нәтежиесі жаман емес.
АЛМАС ҚЫСТАУБАЕВ «БІРЛІК» АГРОФИРМАСЫ ЖШС БАСШЫСЫ
Сондай-ақ шаруашылық Қызылорда өңірінен күріштің янтарь сортында еккен, қазір ору үстінде.Ақ күрішімен танымал «Бірлік» шаруа қожалығы ауыл шаруашылығы нарығында 20 жылдан астам уақыт қызмет етіп келеді. Отандық өнімнің өрге басуына бет бұрған диқандар қамбаға астық жинап, 80 тоннадай күрішті Алматы мен өзге де қалаларға саудаға шығарған. «Бірлік» Агрофирмасының басшысы Алмас Қыстаубаевтың айтуынша ақ алтынға өзге де мемлекеттерден сұраныс жоғары.
АЛМАС ҚЫСТАУБАЕВ «БІРЛІК» АГРОФИРМАСЫ ЖШС БАСШЫСЫ
«Бірлік» шаруа қожалығы Алматы облысы Балқаш ауданы бойынша көш бастап тұрған ұжым. Өздеріне қарасты техно паркті жаңғырту бағытына ерекше мән беріп келеді. Биыл Беларусь мемлекетінен егіншілікке епті, екі комбайн алуды жоспарлап отыр.