"

Алматы облысы Кеген ауданында туристік әлеует артып келеді.Биыл аймаққа қарасты Көлсай көлдері мен Шарын шатқалдарын көруге келген туристердің саны 200-мыңнан асқан.Нәтижиесінде салық қазынасына 70 миллион теңгеге жуық  қаражат түскен.Жергілікті тұрғындарды жұмыс пен қамту, ауылдық инфрақұрылымды жаңғырту бағытында қандай жұмыстар атқарылып жатыр,алдағы бейне материалға назар аударсақ.

Кеген ауданына келгендерді алдымен әсем табиғаты бірден баурап алады.Көрікті жерлерін көру үшін,шетелдіктерде қызығушылық танытып келеді. Көлсайға апарар жолдың ішкі жағы тақтайдай болғанымен барары шаршатып жіберетінін әлеуметтік желідегі пікірлерден танып білуге болады.Бұған жауапты мекеме,сол баяғы «Қазавтожол».Аймаққа арнайы барған тілшілер, мамандарды әбден сұрақтың астына алып састырды.Жауап сол,тендірдің тәлкегі мен бітпейтін техникалық экспертиза.

ЖАСҰЛАН ҚАЛТАЕВ «ҚАЗАВТОЖОЛ»АҚ АЛМАТЫ ОБЛЫСТЫҚ ФИЛИАЛЫ БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ

Аудан орталығының ажары жаман емес.Кеген ауылында бір типтегі 20 тұрғын үйдің құрылысы аяқталған. Аудандық құрылыс бөлімінің басшысының айтуынша, ауылда 2018 жылдан бері 81-ші үй салынып жатыр. Оның бірқатары әлеуметтік аз қамтылған отбасыларына беріген. 20 тұрғын үйдің құрылысын аяқтауға 265 млн теңге, инженерлік-коммуникациялық желілерін тартуға 110 млн теңге қарастырылған.Ауданда тұрғын үй салудың тәсілі өзгерген, алдымен жер учаскелерін бөліп,тиісті инфрақұрылым жасақталады.

ДАРХАН МАУСЫМБАЕВ АЛМАТЫ ОБЛЫСЫ КЕГЕН АУДАНДЫҚ ҚҰРЫЛЫС БӨЛІМІНІҢ БАСШЫСЫ

Арнайы пресс турға келген БАҚ өкілдері аудан орталығындағы күрделі жөндеуден өтіп жатқан әлеуметтік нысандардың құрылыс жұмыстарымен де танысты.Кеген ауылында үш орта мектеп бар.Оның екеуіне құрылыс жұмыстары жүріп жатыр.Мердігер мекемелер, берілген уақытқа дейін аяқтауды жоспарлап отыр.

МҰРАТЖАН ҚОЖАНҰЛЫ АЛМАТЫ ОБЛЫСЫ КЕГЕН АУДАНДЫҚ БІЛІМ БӨЛІМІНІҢ БАСШЫСЫ