Маңғыстау және Ұлытау облыстарында электр желілері әбден тозып тұр. Бұл тізімді Алматы облысы да толықытырады. Мұнда тоқ беретін трансформаторлар әрең жұмыс істеп тұр. Сондықтан Қонаев қаласында 5 бірдей қосалқы станция салыну керек. Бұл уақыт күтпейтін мәселе. Әйтпесе, күллі Алматы облысы жарықсыз қалу қаупі бар. Бұл туралы Сенат депутаты Жанболат Жөргенбаев мәлімдеді.
ЖАНБОЛАТ ЖӨРГЕНБАЕВ ҚР ПАРЛАМЕНТІ СЕНАТЫНЫҢ ДЕПУТАТЫ:
«Электр беру желілері тозған және өткізу мүмкіндігі шектеулі. Алматы облысы әкімдігінің ақпараты бойынша алдағы уақытта трансформациялық қуат пен одан әрі бөлу үшін Қонаев қаласында 5 жаңа қосалқы станция салу жоспарда бар, 2024 жылы 7,5 мыңнан астам жұмыс орынын құру мен 52 жобаны іске асыру көздеген. ҚР энергетика, өнеркәсіп және құрылыс министрлігі, Самұрық-Энерго, Кегог, ҚазақГазбен бірлесіп жүйелі операцияларға қуатты арттыру мәселелерін шешуді және қосалқы станцияларды салуды өте батыл және шұғыл шаралар қабылдау қажет деп білемін».