Тәуелсіздік күніне орай Алматы облысында ұлттық ат спорты түрінен жастар арасындағы чемпионат өтіп жатыр. Көкпар, аударыспақ, жамбы ату және тенге ілу бойынша ұйымдастырылған жарысқа  Алматы облысының барлық аудандары мен Қонаев қаласынан 100-ден аса спортшы қатысуда.  

Дүбірлі доданының жүлде қоры 2 600 000 теңге. Жарыс «Gúlnar Baq» демалыс базасының ипподромында өткізіліп жатыр. Көкпарға 10 команда қатысып, бақ сынасты. Аударыспақта спортшылар 52 келі салмақтан бастап 90  келі жоғары салмақ дәрежелерінде сынға түседі. Жамбы ату қазақ және корей стильдері бойынша өтеді.

ЕРБОЛАТ САРАБЕКОВ АЛМАТЫ ОБЛЫСЫНЫҢ ДЕНЕ ШЫНЫҚТЫРУ ЖӘНЕ СПОРТ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ «Алматы облысы чемпионатын өткізіп отырмыз қазіргі таңда. Осы спортшылардың арасында іріктеліп, Алматы облысының құрама коммандасына алынатын болады. Өздеріңізге белгілі жамбы ату, аударыспақ, теңге ілу, саятшылық сынды ұлттық спорт түрлері қарқынды дамып келеді. 2/30 – 2/43 Жастар, ересектер арасындағы чемпионаттың ішінде таңдалған жігіттер Алматы облысының намысын қорғап, ҚР чемпионатына қатысады».  

Тенге ілуде қатысушылар үш стильде: «бес белес», «қос құлаш» және «жеті құт» бәсекеге түспек. Ұйымдастырушылар ұлттық ат спорты түрлерін насихаттау арқылы жастардың спорттық шеберлігін арттыруды мақсат еткенін атап өтті. Ал сынан сүрінбеген ойыншыларды Алматы облысының ұлттық ат спорты түрлерінің құрамасына іріктеліп алынбақ.