"

Алматы облысындағы гидроқұрылымдардың 60-70% жарамсыз. Бұл туралы өңірге жасаған сапары аясында парламент сенатының депутаты Жанболат Жөргенбаев айтты.

Республика бойынша ең ірі су қоймаларының екеуі Алматы облысында орналасқан. «Күрті» және «Бартоғай» су қоймасы өткен ғасырдың 60-шы жылдарынан бері жұмыс істеп тұр. Олардың беріктігін зерттеу егіс алқаптарын суару жұмыстары аяқталған соң қолға алынбақ.Кейбір гидрологиялық нысандардың пайдалануға берілгеніне ғасырдан асып кеткен. Сондықтан, төтенше жағдайдың алдын алу маңызды.

ЖАНБОЛАТ ЖӨРГЕНБАЕВ ҚР ПАРЛАМЕНТІ СЕНАТЫНЫҢ ДЕПУТАТЫ «Соңғы 30 жылдың ішінде кенжеленіп қалған бүкіл біздің гидроқұрылымдар, элегация жүйелерінің барлығының тозығы жетіп, 60-70% дейін жарамсыз болып қалған жағдайлары бар. Су көлемінің шығынға кетіп жатқан себебі сол. Бұл саланы қозғасақ, өте өзекті, қордаланып қалған мәселелер өте көп. Облыста жағдай орташа. Халыққа төніп тұрған қауіп жоқ. Көтерілген мәселелер талқыланып,кейін кеңейтілген отырыстар жасап, үкімет пен министрлікке өзі ұсынысымызды айтамыз. Көп жағдайда себебін білі керек. Салдардың алдын алу керек».

Күртінің сыймдылығы 120 млн текше метр. Дәл қазіргі уақытта 100 млн текше метрге жуық су бар. Бартоғай су қоймасы 320 млн текше метр суға арналған. Қазір оның 70 пайызы толған. 

МАҚСАТ АЯШЕВ ҚР СРИМ СУ ШАРУАШЫЛЫҒЫ КОМИТЕТІ ТӨРАҒАСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ: «Төменгі жерде орналасқан магистральды жүйелерді қалпына келтіру жұмыстарын жүргізуіміз керек. Өйткені, осы жерде жиналған сулардың барлығы жеткізілу барысында көбісі жоғалады. Жерге сіңіп. Сол жұмыстарды жоспарлап отырмыз».

Жанболат Жөргенбаев Бартоғай су қоймасын күрделі жөндеуден өтетінін жеткізді. Қазір жобаның сметалық құжаты әзірленіп жатыр.