-"

Саяжай аумағында тұратын тұрғындар мемлекеттік қолдаусыз қала ма? Оралда бір топ азамат осы мәселеге алаңдаулы. Эвакуациялық орталық пен туыстарының үйін паналаған саяжай халқы 1 апта болды шарасыз отыр. Тұрғындардың мұң-мұқтажы алдағы сюжетте.

Баспанасыз қалам ба деп алаңдаған тұрғынның бірі Марат Айтқалиев. Ол отбасымен 4 сәуір күні «Тополек» саяжайынан Мичурин мектебіне эвакуацияланған. Екі бөлмелі баспанасын тасқын су шайып кеткендіктен, амалсыз уақытша орталықты паналауға мәжбүр. Спорт залдың аядай бөлмесінде 5 адам тұрып жатыр.Отанасы Мичурин ауылдық округінің әкімдігі уақытша баспана бергенін айтады. Алайда, бөлме іші сыз тартқандықтан, эвакуациялық пунтке қайта оралыпты. Оларды дәл қазіргі уақытта баспана мәселесі алаңдатуда. Өйткені жеке шаңырағы саяжай аумағында орналасқандықтан, бұл статус жаңа баспана беру немесе қайта салу жұмысына кедергі келтіруі мүмкін. 

МАРАТ АЙТҚАЛИЕВ, МИЧУРИН АУЫЛДЫҚ ОКРУГІНІҢ ТҰРҒЫНЫ

Гүлвира Сүндетқалиева да баспана мәселесімен бетпе-бет келіп отыр. Бес баласымен туысының үйінде бас сауғалаған көпбалалы ана әкімдікке өтініш қалдырыпты. Әлі бір реттік өтемақы алмаған.

ГҮЛВИРА СҮНДЕТҚАЛИЕВА, МИЧУРИН АУЫЛДЫҚ ОКРУГІНІҢ ТҰРҒЫНЫ

Әкімдіктің айтуынша, Марат Айтқалиев пен Гүлвира Сүндетқалиеваның мәселесін арнайы комиссия шешеді. Оған дейін облысқа жеткен гуманитарлық көмек есебінен бұл отбасыларды қолдауды жалғастырамыз»,- дейді Зейнолла Қалиев.   

ЗЕЙНОЛЛА ҚАЛИЕВ, МИЧУРИН АУЫЛДЫҚ ОКРУГІ ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ

Марат Айтқалиев пен Гүлвира Сүндетқалиеваның өтініштері тасқыннан зардап шеккендер тізіміне алынған. «Арнайы комиссия ауыл-ауылды аралап жүр» деп нақтылады әкім орынбасары. Ол жұмыс тобының Мичуринге келер уақыты, тұрғындармен жүздесу күні белгісіз. Ал баспанасыз қалған отбасы су басқан тұрғын-жайын суретке түсіріп, бейнежазбаларын сақтап қойған.