"

Алматы облысындағы Қара шатқалға ұзындығы 170 метрлік әйнек көпір салынады. Бұдан бөлек,5 гектар аумақта сәулетті қонақ үйлер мен мейрамханалар мен шатырлы қалашық пайда болады.

Халық арасында Көртоғай аталып кеткен бұл жер Көлсай көлдеріне апаратын күре жолдың бойында орналасқан. Осы жылдың 9 айында Көлсай мен Қайыңдыға 400 мыңға жуық турист ат басын бұрған. Олардың басым бөлігі Қара шатқалды тамашалауға келген. Сол себепті жергілікті бюджеттен 60 млн теңге бөлініп, онда электр желісі тартылды. Инвесторлар шатқалға шыны көпір салуды көздеп отыр.Бұдан бөлек, ойын сауық алаңдарын, мейрамхана мен қонақ үй және глэмпингтер пайда болады.

СЫРЫМ КӨЛБАЕВ ЖОБА ҚҰРЫЛТАЙШЫСЫ «Палаточный қалашық, 3 коттедж, 3 ресторан болады. Мынау өзіміздің қазақы салт-дәстүрімізді көрсетеміз. Оның осы 5,5 гектардың ішінде және қосымша мынау экстрималды туризмді жақсы көретін адамдарға аспалы көпір салынады. Сондықтан шетелден келген кісілерге 2-3 күндік былай айтқанда турлар дайындауға дайынбыз».

Жобаның жалпы құны 2 млрд теңге. Ол 2025 жылдың төртінші тоқсанында толық жүзеге асады деп күтілуде.