Алматы туларындағы №18 қар көшкінін жинау учаскесінде алдын алу жұмысы жүргізілді. "Алматы-Космостанция" автожолының қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында "Қазселденқорғау" мамандары көшкіннің алдын алу үшін 2600-2800 метр биікте жарылыс жұмыстарын жүргізді. Қардың жалпы көлемі 4000 куб метрді құрады. Қар массасының негізгі бөлігі жолды толығымен жауып тастады, қалғаны тау баурайында тоқтады.
Айтулы шараға 33 адам және 9 бірлік техника жұмылдырылған. Қар массасын түсіруге Алматы қалалық ТЖД, «Қазселденқорғау», Апаттар медицинасы орталығы, мердігерлер мен «Қазгидромет» мамандары қатысты. Алдын алу жұмыстарын жүргізу барысында зардап шеккендер жоқ.