Ұстаздық ету – уақыт ұту емес, өзгенің бақытын аялау, өзіңнің уақытыңды аямау. Бірақ бұған өкінбеу керек. Жер үстінде адам тәрбиелеуден асқан абыройлы іс, ардақты жұмыс жоқ. Ұстаздық – ұлы нәрсе деп Зейнолла Қабдолов бекер айтпаған.

Сапалы білім мен саналы тәрбиені қатар алып жүру мақсатында еліміз бойынша кешенді шаралар атқарылуда.Мәселен Алматы қалалық білім басқармасының басшылығымен «Алматы мектебі» жобасы жүзеге асуда. Онда оқушыларды тәрбиелеу мен оқытудағы инновациялық тәсілдер талқылануда.

СӘУЛЕ ЖҰМАБЕКОВА АЛМАТЫ ҚАЛАЛЫҚ №5 МЕКТЕП-ГИМНАЗИЯСЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ

Семинар жұмысына елімізге белгілі білім беру саласының көрнекті өкілдері мен кәсіпқой мамандары қатысты.Онда Федор Вассерман әзірлеген бірегей «Биоинформатика және синергетика» әдістемесін таныстырылды.

ФЕДОР ВАССЕРМАН БІЛІМ АКАДЕМИЯСЫ ПРЕЗИДЕНТІНІҢ КЕҢЕСШІСІ: «Бүгінде білім сапасын арттыру,білім жүйесіндегі маңызды мәселе. Оқу-ағарту министрлігі мен білім академиясы үлкен қадамға барып отыр. Біз ұсынған жобалардың берер мол деп ойлаймын. Мектеп оқушыларын тәрбиелеу мен оқыту ісіндегі бұл инновациялық тәсіл ғылым мен білімнің интеграциясы үшін таптырмас мүмкіндіктерге жол ашады».