Алматыда электр энергиясына тарифтің өсуіне байланысты ХӘОТ үшін өтемақы ұлғаяды. Мұндай шешім Алматы қаласы мәслихатының кезектен тыс XI сессиясында қабылданды. Отырыста қала тұрғындары үшін және қаланың дамуына қажет бірқатар мәселелер қаралды. Коммуналдық тарифтердің өсуіне байланысты Алматы қаласы әкімінің орынбасары Асқар Әмрин тарифтің өсуі жеке тұлғалар үшін көрсетілетін қызметтердің құнын орта есеппен 315,6 теңгеге артатынын айтты.
АСҚАР ӘМРИН АЛМАТЫ ҚАЛАСЫ ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ
Айта кетерлігі, тарифтерді көтеру қаланың коммуналдық желілерінің тозуын азайту және апаттар мен коммуналдық қызметтерді көрсетудегі үзілістер тәуекелдерін азайту үшін "Инвестицияларға айырбастау тарифі" бағдарламасын іске асыру аясында жүргізілуде.