Ата-аналар мен ұстаздардың ортақ ымырада жұмыс жасауы,баланың жетістігі мен кемшілігін қадағалауға мүмкіндік береді.Бүгінде Оқу-ағарту министрлігі тарапынан айтулы бағытқа мән беріле бастады. Алматы қаласындағы № 205-ші мектеп қабырғасында «Ашық есік» күні ұйымдастырылды. 140 тан астам ұстазы, 2000 ға жуық оқушысы бар білім ордасы ата -аналар мен қонақтарға есігін айқара ашты.Шараға қамқоршылық кеңесінің мүшелері де қатысты.
Балаларының мектептегі тыныс-тіршілігімен жақынырақ танысуға ата-аналармен бірге ата, әжелер де қызығушылық танытты.Мектептегі баласының бір күндік өмірімен танысу, ата-аналардың ең басты мақсаты екені белгілі. «Ашық есік» күнінің негізгі мақсаты мектептің білім беру базасы ғана емес, оқушының жеткен жетістіктері мен кемшіліктерін тізе қосып саралау,яғни тәрбие дейтін ортақ құндылықпен жұмыс жасауды мақсат тұтады.
ГҮЛНАР ДӘУЛЕТОВА АЛМАТЫ ҚАЛАСЫ АЛАТАУ АУДАНЫ №205 ЖАЛПЫ БІЛІМ БЕРЕТІН МЕКТЕПТІҢ ДИРЕКТОРЫ:
Балалар телефонға телмірген заманда, олардың бос уақытын немен өткізетінін ата-аналар тарапы жіті қадағалап отыруы тиіс. Ал мектеп тарапынан сапалы білім беру басты міндеттің бірі.Екі бағыт бірлесе үйлесімін тапса,өзекті мәселелер өз шешімін табатыны сөзсіз.Айтулы мектеп қабырғасында салауатты өмір салтына ерекше мән беріледі,сонымен қатар ұлттық ойындар мен қол өнерге баулу, дұрыс жолға қойылған. Ұстаздар қауымы «Ашық есік» шарасын тұрақты түрде өткізіп тұруды күн тәртібіне енгізіп отыр.Келешекте де,бала тәрбиесі мен білімін жіті қадағалау үшін кері байланысты жандандыра бермек ниетте.