8 ақпан түнгі сағат 02 ден жиырма минут өткенде Медеу ауданының «Тау Самалы» шағын ауданындағы Олимпиский көшесі бойында лай көшкіні жүріп,салдарынан төрт адам үйінді астында қалып қаза тапты. Апаттан екі жеке тұрғын үй, олардың бірі жартылай зақымданды.Медеу ауданының әкімі Еркебұлан Оразалин лай басып қалған үйде ерлі-зайыпты мен 2007 жылы туған егіз ұлдары тұрғанын айтты.Оқиға орнында "Қазсселденқорғау" ММ, Алматы қаласы "109 құтқару қызметі" Республикалық жедел-құтқару жасағы, Алматы қ. ТЖД, жедел жәрдем бригадасы, Медеу ауданы әкімдігінен 160 адам және 30 бірлік техника құтқару жұмыстарын жүргізді.Құтқарушылар оқиға орнынан 1984 жылы туған ер адам мен 1980 жылы туған әйелдің және 2007 жылғы екі жас жігіттің денесін шығарды», - деп хабарлады қалалық ТЖД. Алматы қаласының әкімі Ерболат Досаев оқиға орнына барды.
ЕРБОЛАТ ДОСАЕВ АЛМАТЫ ҚАЛАСЫНЫҢ ӘКІМІ
Төтенше жағдайлар министрлігінің психологтары марқұмдардың туыстары мен көршілеріне жедел психологиялық көмек көрсетті. Қаза тапқан жандардың барша туыстарына арнамыздың атынан қайғыра көңіл айтамыз.