Коста-Рикада улы жыландардың жиырмадан астам түрі мекендейді. Ал, Клодомиро Пикадо институтында ветеринарлар өлімге әкелетін уды алу үшін тың дүниені жүзеге асыруда. Ол антидот жасау үшін қолданылады. Содан кейін ол бүкіл әлемге экспортталады.
ЖАСМИН АРИАС ВЕТЕРИНАР: «Біз жыланды басынан ұстаймыз, ал денесінің қалған бөлігін шыны ыдысқа саламыз. Алдымен тістерді ашамыз, содан кейін уландыратын бездерге массаж жасаймыз. Осыдан кейін біз жануардың аузын дезинфекциялап, оны террариумға қайтарамыз».
Процестің келесі кезеңі жылқы фермасында өтеді. Жыланның уын жылқыларға аз мөлшерде құяды. Бұл иммундық реакцияны тудырады. Жылқының денесіне кейінірек жойылатын антиденелер шығады.
МАУРИСИО АРГУЕДАС ВЕТЕРИНАР: «Біз жылқыдан қан жинаймыз. Қан әртүрлі элементтерге бөлінеді: плазма - сұйық бөлік, ал жасушалар - тығыз бөлік. Соңғылары анемияны дамытпау үшін жылқыға құйылады. Ал плазма өндірістік зертханаға жеткізіледі, онда антиденелер алынады».
Жылқыға уды енгізудің ұзақ мерзімді әсері зерттелмеген. Бірақ мал дәрігерлері малдың денсаулығын жіті қадағалап отырғандарын айтады. Олардың айтуынша, жылқыларға 30 жыл бойы у егілгені туралы деректер бар. Оның үстіне жылқының орташа өмір сүру ұзақтығы 30-40 жыл.
ЭДУАРДО СЕГУА ВЕТЕРИНАР: «Химиялық процестерді қолдана отырып, біз жылқыларға енгізілген уға қарсы арнайы антиденелерді бөліп аламыз. Бұл антиденелер тазартылады, зарарсыздандырылады, содан кейін қалпына келеді».
Институт жылына 100-150 мың доза шығарады. Олар Орталық және Оңтүстік Америкаға, Азияға және Африканың алтыдан астам еліне жіберіледі. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметі бойынша жыл сайын әлемде 5,4 миллион адамды жыландар шағып алады. Соның салдарынан 83-138 мың адам көз жұмады.