Алматы қаласында Қазақстандық тараптың төрағалығымен кезекті Өңірлік форум – Орталық Азия елдерінің Төтенше жағдайлар департаменттері басшыларының кеңесі өтті. Форумға Қазақстан Республикасы, Тәжікстан, Түркіменстан және Өзбекстан Республикасы, БҰҰ агенттіктерінің, халықаралық және үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері қатысты.Өңірлік форумды аша отырып, Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрі Сырым Шәріпханов бұл іс-шараның сындарлы диалог, ақпарат және тәжірибе алмасу, өңірдегі жағдайды талқылау және қауіпсіздікті арттыру кезеңінде негізгі міндеттерді анықтау үшін маңыздылығын атап өтті.Әртүрлі апаттар кезіндегі алдын ала ескерту жүйелеріне халықтың қолжетімділігін қамтамасыз ету мәселесі ерекше мәнге ие болды.
СЫРЫМ ШӘРІПХАНОВ ҚР ТЖ МИНИСТРІ