"

24-ші қараша Халықаралық есту қабілетінде бұзылуы бар азаматтардың күні. Айтулы шараға байланысты Алматыда Республикалық деңгейде «DEAF MADE»  аталатын инклюзивті фестиваль ұйымдастырылды. Онда студенттер бақтарымен баптарын сынап,өздерінің өнерлерін көрсетті.

Даталы күннің құрметіне орай Алматы технология және флористика колледжінің базасында есту қабілеті төмен студенттердің арасында өнер сайысы орын алды.Фестивальға Алматы,Талдықорған,Көкшетау,Шымкент қалаларындағы білім ордаларының жастары қатысты.

ГҮЛНАР СҮЛЕЙМЕНОВА АЛМАТЫ ҚАЛАЛЫҚ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫ ТЕХНИКАЛЫҚ-КӘСІПТІК БІЛІМ БЕРУ БӨЛІМІНІҢ БАСШЫСЫ

Фестивальдің негізгі мақсаты айтулы санаттағы балалардың шығармашылығын қолдау,өнерін дамытуға мүмкіндік беру. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы аясында ерекше білім беруді қажет ететін балаларды кәсіпке баулу жанжақты қолдау тауып отыр.

АҚМАРЖАН ҚАНАТҚЫЗЫ АТФК ДИРЕКТОРЫНЫҢ ОҚУ ӘДІСТЕМЕ ІСІ ЖӨНІНДЕГІ ОРЫНБАСАРЫ

МИРА ТӨЛЕНҚЫЗЫ СУРДО АУДАРМАШЫ

Ерекше білім беруді қажет ететін балалар да қоғамның белді мүшесі.Олар да өздері қалаған кәсіпті игеріп,толық маман атанауына құқы да, хақы да бар. Бүгінде білім мекемелерінен тәлім алған жастар оқуын аяқтағаннан кейін, жұмысқа орналасуына жағдай жасалған.

МАЙРА АЙТБАЙҚЫЗЫ ШЫМКЕНТ ҚАЛАЛЫҚ ЖЕҢІЛ ӨНЕРКӘСІП ЖӘНЕ СЕРВИС КОЛЛЕДЖІНІҢ ОҚЫТУ ӨНДІРІС ШЕБЕРІ

Фестивальға қатысқан жастардың өнерлеріне әділ бағасын беру үшін,қазылар алқасы қатысты. Шарада ерекше көзге түскен студенттер арнайы сыйлықтармен марапатталатын болады.