Пәкістанның солтүстігіндегі Хунза алқабындағы мұздық баурайында Тарик Джамил мұз қозғалысын өлшеп, суретке түсіреді. Мақсат бір сағаттық жаяу қашықтықтағы ауылының қауіпсіздігі үшін өте маңызды деректер негізінде есеп құрастырады.
51 жастағы азаматтың міндеті - Қарақорам тауларындағы 200 отбасынан тұратын қауымдастығын хабардар ету. Көлдер толып кеткенде немесе олардың жағалары қауіпті болған кезде бұзылу орын алып, өлімге әкелетін су тасқыны болады. Апат орын алған жағдайда Пәкістанның солтүстігінде қиылысатын Гиндукуш, Қарақорым және Гималай тауларындағы көпірлер мен ғимараттарды шайып, құнарлы жерлерді бұзады.Мұздықтардың еруі нәтижесінде пайда болған көлдердің тұрақсыздығы адамдарға барған сайын қауіп төндіруде.
ТАРИК ДЖАМИЛЬ ЖЕРГІЛІКТІ ТҰРҒЫН: «Адамдарға ұялы телефондары мен интернеттегі деректерге қол жеткізуге мүмкіндік беретін ерте ескерту құрылғыларын ұсынамын».
Бұл ауылдың да айналасы таулар мен мұздықтар.Жақын жердегі Дарқұт мұздығының етегінде терең көл бар.
МҰСАФИР ХАН ЖЕРГІЛІКТІ ТҰРҒЫН : «1978 жылы осында мұздық болған еді. Мұздықтың үстімен жүрдік, тіпті оның үстіне мал да жайдық».
Бүгінгі таңда мұнда ғалымдар мұздықтардың еру деңгейін зерттеп жатыр.
МҰХАММЕД ЯСИН ЗЕРТТЕУШІ: «Болашақта бұл мұздық еріп, көлдің ені мен көлемі жыл сайын артады».
Мұндағы көптеген отбасылар мал шаруашылығы мен жеміс-жидек егістігімен күн көріп келеді. Көпшілігі ата-бабасы жатқан ауылдан көшіп кете алмаймыз дейді.
ТЕХЗИБ ЖЕРГІЛІКТІ ТҰРҒЫН: «Біз бұл үйге үйреніп қалдық. Бұл үйді апат қиратса, басқа жаққа көшеміз. Бірақ бұл айтуға ауыз бармайтын жағдай біз үшін».
Пәкістанда бақылау жүйесі БҰҰ-ның арнайы бағдарламасының қолдауының арқасында жүзеге асырылады. Қандай жағдай туындаса да ескертулерді тарату үшін ауылдарға дауыс зорайтқыштар, сондай-ақ су ағынын бәсеңдететін тас пен сымнан жасалған кедергілер орнатылған.